25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №43

197 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.»; мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын: «37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады: вагондардың шығарылған жылы; ауа желдету жүйесінің болуы; поездың санаты; жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы; багаж бөлімдері; интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы); поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________Б.Сұлтанов 2016 жылғы «22» ақпан Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13520 болып енгізілді.